Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) 9-тармағына сәйкес әзірленген және Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік шекара арқылы Одақтың кедендік аумағына келу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пункттерінде көрсетілген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (автомобильдік) бақылау жөніндегі іс-қимылдардан басқа мыналарды:
1) көлік құралының салмақтық және габаритті параметрлерінің аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленгенге ұқсас нормаларға, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға не ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді;
2) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы жүріп өтуге рұқсаттардың болуын, олардың орындалатын тасымалдар түріне сәйкестігін және көлік құралы сипаттамаларының осындай рұқсаттарда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
3) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау немесе жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттардың, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттардың болуын тексеруді;
4) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауға арналған рұқсаттардың (арнайы рұқсаттардың) болуын тексеруді;
5) егер басқа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тасымалдауды жүзеге асыруға басқа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатсыз жол берілетін болса, сондай-ақ егер тасымалдау көпжақты рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын болса, көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысанда тасымалдаушыға есепке алу талонын беруді жүзеге асырады.
Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары Одақтың сыртқы шекарасы арқылы көлік құралының шығуы кезінде бақылау пункттерінде осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген іс-қимылдардан басқа, мыналарды:
1) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдар төлеу туралы түбіртектің болуын, егер осындай алымды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті болса;
2) егер мүше мемлекеттің біреуінің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатта немесе есепке алу талонында көліктік (автомобильдік) бақылау органының тасымалдаушыға (жүргізушіге) осындай айыппұл салғаны туралы белгісі болса, тасымалдаушыда (жүргізушіде) мүше мемлекеттің аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын түбіртектің немесе тасымалдаушыға (жүргізушіге) тиісті әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға шағымды қанағаттандыру туралы сот органдары шешімінің болуын;
3) мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары көлік құралдарының халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты болуын;
4) мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органынан осы Тәртіптің 9-тармағында көрсетілген хабарламаны алған жағдайда, тасымалдаушыда қажетті құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.
Одақ аумағынан көлік құралын шығару - осы Тәртіптің тармақтарында көзделген құжаттарды тасымалдаушы ұсынғанға дейін жүзеге асырылмайды.
Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары: жекелеген хаттамалар жасасады, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарына өз мемлекеттерінің көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін назарына жеткізеді, көрсетілген актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер туралы бір-біріне хабар береді, сондай-ақ осы Тәртіпке сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың үлгілерімен алмасады.
ШҚО бойынша МКД «Бахты» к/б жетекші маманы С.Ж. Жапаркулова