Уақытша сақтауға қойылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар және тауарларды уақытша сақтау туралы

Уақытша сақтауға қойылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар және тауарларды  уақытша сақтау туралы

Тауарларды уақытша сақтауға арналып, арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар уақытша сақтау қоймалары болып табылады. Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі деп танылады. Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді. Уақытша сақтау қоймасының иесі кедендік бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтауды жүзеге асырады. Уақытша сақтау қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды. Шетелдік тауарларды уақытша сақтау орындарында кеден органы оларды шығарғанға дейін не егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыратын жерлерінде сақталған болса, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатын алғанға дейін не қылмыстық құқық бұзұшылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қою немесе тыйым салу қолданылатын күнге дейін сақтау тауарларды уақытша сақтау деп түсініледі.

Тауарлар қандай жағдайларда және қандай шарттарда уақытша сақтау қоймасына орналастырылады:

1)тауарлардың келуі туралы хабардар етілген сәттен бастап 3 сағаттан кейін, тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде тауарларды шығаруды  ұзарту, тоқтата тұру немесе бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін 3 сағаттан соң.

2) кеден органдары кідіртпеген, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарлар.

3) шетелдік тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына тұрақты қоныс аударуға, босқын, қандас мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары.

5) халықаралық пошта жөнелтілімдері, егер мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты оларды кедендік декларациялау бойынша кедендік операциялар жасалмаған не осындай тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, тағайындалған пошта байланысы операторының кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

         ШҚО бойынша МКД «Бақты» к/б  жетекші маманы С.М. Нурабаев