
Салық кодексінің 403-бабына сәйкес, базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін 30 АЕК мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте күнтізбелік жыл ішіндегі шегерімнің жалпы сомасы 360 АЕК-тен аспауға тиіс.
Егер белгілі бір айда салық салынатын табыс сомасы 30 АЕК-тен аз болса және шегерімнің бір бөлігі пайдаланылмаса, салық агенті пайдаланылмаған соманы келесі айларға ауыстырмайды. Яғни, 30 АЕК мөлшеріндегі шегерім тиісті күнтізбелік ай шегінде ғана қолданылады.
Бұл ретте Салық кодексінің 409-бабының 2-тармағында жеке тұлғаның декларацияны ұсыну кезінде күнтізбелік жыл ішінде пайдаланылмаған салықтық шегерім сомасын өз бетінше ескеру мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте оның мөлшері 360 АЕК-тен аспауға тиіс.
Яғни, бұл мүмкіндік жеке тұлғаның салық агенті ұстап қалмайтын және өзі дербес салық салатын табыстары болған жағдайда қолданылады (мысалы, мүліктік табыс және салық агентінен алынбаған басқа да табыстар).