Сұрақ-Жауап

Сұрақ-Жауап

ЖШС-та дивидендтер төлеу
Салық төлеушілер нені білуі керек?


Дивидендтер қашан төленеді?

✔ Тек ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі негізінде төленеді.
✔ Дивидендтер тоқсанның, жартыжылдықтың немесе жылдың қорытындысы бойынша алынған таза табыстан төленеді.
✔ Төлеу мерзімі – шешім қабылданған күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей.


Егер дивидендті резидент заңды тұлға алса

✔ Дивидендтер жылдық жиынтық табысқа енгізіледі.
✔ Жылдық жиынтық табыс Салық кодексіне сәйкес дивидендтер сомасына азайтылуға жатады.
✔ Төлем көзінен корпоративтік табыс салығы (КТС) ұсталмайды.


Егер дивидендті бейрезидент жеке тұлға алса

ЖШС міндетті:

✔ дивидендтерді төлеу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) ұстап қалуға;
✔ салықты белгіленген мерзімде бюджетке аударуға;
✔ салықтық есептілікті ұсынуға.

Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарт болған жағдайда, Салық кодексінің талаптары сақталған кезде оның ережелері қолданылуы мүмкін.


Ең бастысы

📌 Дивидендтер төлеу туралы шешімді ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайды.
📌 Дивидендтер шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде төленеді.
📌 Салық салу тәртібі дивиденд алушының мәртебесіне (резидент немесе бейрезидент) байланысты болады.