
Сұрақ: 2025 жылы салық агенті 118 АЕК мөлшерінде медицинаға арналған салықтық шегерімді қолданды. Осыған байланысты маған 270.00 декларациясын тапсыру қажет пе? Егер қажет болса, медицинаға арналған салықтық шегерімді декларацияда қалай көрсету керек?
Жауап: Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидаларының 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген), F жолында Салық кодексінің 342-бабына сәйкес салықтық шегерімдердің сомасы көрсетіледі, егер мұндай шегерімдер төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау кезінде қолданылмаған болса, оның ішінде:
- F1 жолында – стандартты салықтық шегерімдердің сомасы;
- F2 жолында – өзге де салықтық шегерімдердің сомасы көрсетіледі.
Осылайша, егер алдын ала салықтық шегерім салық агенті (жұмыс беруші) тарапынан төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау кезінде қолданылған болса, онда 270.00-нысанындағы жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны толтырған кезде бұрын салық агенті қолданған шегерімдерді қайта көрсетуге жол берілмейді, өйткені бұл салықтық шегерімнің екі рет қолданылуына әкеледі.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсырған кезде салық төлеуші салық заңнамасында көзделген салықтық шегерімдерді, оның ішінде белгіленген талаптар сақталған және растайтын құжаттар болған жағдайда, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін есептеу кезінде салық агенті қолданбаған салықтық шегерім сомасын дербес мәлімдеуге құқылы.