2025 жылы қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды өндірү салығы әкімшілендіру бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы

2025 жылы қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды өндірү салығы әкімшілендіру бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы

Мемлекеттік кірістер органдары қызметтерінің бағыттарының бірі жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарының есептелу мен  төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындауын қадағалауы болып табылады.

Сонымен бірге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (әрі қарай-  ПҚӨС) жер қойнауын пайдаланушылардан Республикалық бюджеттке түсетін негізгі салық болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндірү салығының  әкімшілендіруі "Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша Декларациясына"(әрі қарай-ПҚӨС бойынша Декларация) камералды бақылау жүргізу арқылы, соның ішінде уәкілетті органдардың мәліметтерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ПҚӨС бойынша Декларацияға камералды бақылау келесі бағыттарда жүргізіледі:

-ПҚӨС бойынша Декларация уәкілетті органдардың мәліметтерімен салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың өндіру көлемдерінің толық көрсетү мәселесімен; 

-ПҚӨС есептеу барысында төмендетілген мөлшерлемелерді заңсыз қолданған фактілерді анықталды;

-уәкілетті органдардың мәліметтеріне талдау жүргізу барысында, кен өндіру көлемдері болса да ПҚӨС бойынша Декларацияны тапсырылмаған фактілерін  анықтау;

-ПҚӨС бойынша Декларациясында және ЭШФ-дағы  мәліметтерді салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың  сату көлемін пайдалы қазбалардың өндіру көлемінің толық көрсетілүі бөлігінде.

Сондай-ақ, жоғарды айтылған бағыттар бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 2025 жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, пайдалы қазбаларды өндірү салығы бойынша 55,0 млн.теңгеден артық сома қосымша ессептеліп бюджетке толығымен түсүі қамтамасыз етілген.

Осы жағдайда, жоғарыда айтылған бұзушылықтар, өсімпұлдың есептелүіне әкеліп, салықтөлеушіге қосымша қаржылық  жүкке әкеледі, шаруашылық субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне  кері әсерін тигізетіні туралы айта кету керек. Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін салықтөлеүшілерге ПҚӨС есептеу және төлеу бойынша Салықтық заңнамасын сақтау ұсынылады.