
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 257-бабына сәйкес, салық төлеуші растайтын құжаттар болған жағдайда табыс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты жұмсалған шығыстарды шегерімдерге жатқызуға құқылы.
Атап айтқанда, қызметкерлердің қызметтік іссапар шығыстары (жол жүру, тұру, тәуліктік және заңнамада көзделген өзге де төлемдер) егер іссапар компанияның қызметімен тікелей байланысты болса және табыс алуға бағытталса, КТС бойынша шегерімдерге жатқызылуы мүмкін.
Бұл ретте мына жағдайларды ескеру маңызды:
-шығыстар экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс;
-растайтын құжаттардың болуы қажет;
-шығыстардың салық төлеушінің өз қызметімен байланысы расталуы тиіс.
Ал басқа дербес заңды тұлғаның мүддесі үшін ғана жұмсалған шығыстар салық төлеушінің шығыстарына жатпайды және шегерімге қабылданбайды.
Құжаттық растау ретінде бастапқы бухгалтерлік құжаттар, сондай-ақ шығыстардың экономикалық негізділігін және олардың табыс алуға бағытталғанын растайтын өзге де материалдар пайдаланылуы мүмкін.