
Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомаларын есепке жатқызу құқығы тек ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге ғана беріледі.
Егер ұйым ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелмесе, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер ұсынған ҚҚС сомалары есепке жатқызылмайды. Мұндай жағдайда ҚҚС ұйымның шығыстарының құрамында ескеріледі және оның қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Сондай-ақ, жеткізушілермен шарттар жасасу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған тарифтер мен шығыстар сметасын қалыптастыру мәселелері салық заңнамасымен реттелмейтінін ескеру қажет. Мұндай мәселелер азаматтық-құқықтық және тұрғын үй қатынастары саласына жатады және өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен қаралады.