
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күнін салық салу мақсатында айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 460-бабында белгіленген арнайы тәртіп қолданылады.
Егер шартта тауарды жеткізу міндеттемесі сатушыға жүктелген болса, айналым жасалған күн болып тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға берген күн немесе тауарды сатушының көлік құралына тиеген күн танылады.
Егер шартта жеткізу міндеттемесі көзделмесе, айналым күні тауарды беру фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн немесе азаматтық заңнамаға сәйкес тауарды сатып алушының иелігіне берген күн бойынша айқындалады.
Шот-фактураны толтыру кезінде «Айналым жасалған күні» жолында Салық кодексінің 460-бабына сәйкес айқындалған күн көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті