
2026 жылғы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Өскемен» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау тәртібі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткізу нормалары қаралды.
Қатысушыларға әуе, құрлық және халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тауарларды әкелу кезінде қолданылатын құндық және салмақтық шектеулер, сондай-ақ оларды асырып жіберген жағдайда кедендік төлемдерді есептеу тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ тауарларды жеке немесе коммерциялық мақсатта пайдалануын айқындау кезінде олардың саны мен әкелу жиілігі сияқты критерийлердің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді және сұрақтарына жауаптар ұсынылды.