Ашықтық индексі бойынша техникалық оқу

Ашықтық индексі бойынша техникалық оқу

Бүгін, 2026 жылғы 24 маусымда Департаментте қызметкерлер үшін «е-Өтініш» АЖ-ға түсетін өтініштер бойынша ашықтық индексінің индикаторлары» тақырыбында техникалық оқу өткізілді. Оқыту барысында түскен өтініштермен жұмыс істеу тәртібі, оларды уақытылы әрі сапалы қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ ашықтық индексін қалыптастыруға әсер ететін көрсеткіштер қаралды. Өтініштердің орындалу мерзімдері мен сапасын сақтауға, мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыру мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.