Салықтарды, төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну тәртібі

Салықтарды, төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну тәртібі

Салықтарды, төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 132–134-баптарына және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну қағидаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен ұсынылады.

2026 жылдың басынан бастап кепіл мүлкімен 9 салық төлеушіге жалпы сомасы 457,1 млн теңгеге бөліп төлеу ұсынылды.

Кепілсіз тәртіпте 19 салық төлеушіге жалпы сомасы 40,7 млн теңгеге бөліп төлеу берілді.

Мемлекеттік қызметті аумақтық мемлекеттік кірістер органдары көрсетеді. Салық төлеуші өтінішті мемлекеттік кірістер органдары арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет порталы және Салық төлеушінің кабинеті арқылы бере алады.

Өтінішті қарау мерзімі оны қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды. Мүлікті кепілге қою арқылы кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылған жағдайда кепіл шарты өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуы тиіс.

Кейінге қалдыру мерзімі 6 айдан аспайды, ал бөліп төлеу мерзімі 36 айдан аспайды. Көлденең мониторингке қатысушылар үшін кейінге қалдыру мерзімі 12 айға дейін ұсынылуы мүмкін.

Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді алу үшін салық төлеуші:

салықтық өтінішті;  берешекті өтеудің болжамды кестесін;

кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынуға негіз болатын құжаттарды;

қажет болған жағдайда кепіл мүлкі бойынша құжаттарды немесе банк кепілдігін ұсынады.

Кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну негіздері:

1) еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан салық төлеушіге

залал келтірілуі (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және өзге де еңсерілмейтін күш жағдайлары);

2) салық төлеушінің тауарларды өндіруі және (немесе) өткізуі,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруы маусымдық сипатта болуы;

3) жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрмайтын жеке тұлғаның мүлікті

жағдайы салықты біржолғы төлеуге мүмкіндік бермеуі;

4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім

қабылдауы;

5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрі стратегиялық маңызы бар

экономика саласына жатуы; ,

6) салық төлеушінің қосымша салық есептілігін ұсынуы;

7) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген

салықтар және (немесе) төлемдер сомаларымен келісуі.

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу:

мүлікті кепілге қою арқылы;

банк кепілдігі арқылы;

берешек сомасы 1500 АЕК-тен аспаған жағдайда кепілсіз және банк кепілдігінсіз ұсынылуы мүмкін.

Кепіл арқылы ұсынылған кезде кепіл мүлкі өтімді, сақтандырылған және үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.

Жеке тұлғаның жалғыз тұрғын үйін, тыйым салынған мүлікті және заңнамамен шектелген өзге де объектілерді кепілге қоюға жол берілмейді.

Қамтамасыз етусіз кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алу үшін:

қолданыстағы кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) болмауы;

орындалмаған хабарламалардың болмауы;

салық төлеуші ретінде тіркелу мерзімінің кемінде екі жыл болуы;

қызметін тоқтату мәртебесінің болмауы қажет.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Нәтижені қағаз түрінде де, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық үкімет порталы мен Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық форматта да алуға болады.

Кейінге қалдыру мен бөліп төлеуді ұсыну салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін уақытылы реттеуге, қаржылық жүктемені төмендетуге және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмауға мүмкіндік береді.