
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру аясында «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы қабылданды.
Ең алдымен, салық төлеушілердің жекелеген санаттарын тарату тәртібі тұтастай өзгермегендігін атап өткен жөн.
Қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттілікті орындаудың оңайлатылған тәртібі (бұдан ары-Тәртіп) Салық кодексінің 74-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және жеке кәсіпкерлер (бұдан ары-ЖК) қызметін тоқтатқан кезде, салық міндеттемесін орындау тәртібі бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес айқындалады: тіркеу есебінде ҚҚС төлеушісі ретінде тұрмағандар; жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтындар; бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтындар; салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ тұлғалар; тарату есептілігінің алдындағы салық кезеңі үшін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындағандар; орындалмаған хабарламалар, соның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалары жоқ тұлғалар; ашылған банк шоттары жоқ тұлғалар.
ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті, тарату салықтық есептілігін, бақылау-касса машинасын (БКМ болған жағдайда) есептен шығару туралы салықтық өтінішті (бұдан ары-СӨ) ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
ЖК ретінде есептен шығару рәсімінің мерзімі өтініш берілген күннен бастап есептен шығарылғанға дейін 13-15 күнді құрайды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері аталған тарату үдерісіне қатыспайтындығына назарларыңызды аударамыз.
Мәселен, салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне (СӘИЖ) қызметті тоқтату туралы СӨ түскен кезде, салық төлеушілер туралы қосымша мәліметтерде «Тарату сатысында» мәртебесі қалыптастырылады. Бұдан ары, 10 күнтізбелік күн ішінде жүйемен автоматты режимде ЖК тоқтату үшін шарттарға сәйкестігіне (берешектің жоқтығы, тарату СЕН-ның болуы, орындалмаған хабарламалар және т.б.) тексеру жүргізіледі.
Шарттарға сәйкес келген жағдайда, 10 күн өткеннен кейін жүйемен автоматты режимде салықтық өтінішке «өңделді» мәртебесі беріледі және СТ қосымша мәліметтерінде «тарату сатысында» мәртебесінің аяқталу күні қойылады. Кейін, 3 жұмыс күні ішінде ЖК тіркеу есебінен шығарылады, бұл да автоматты түрде жүргізіледі.
Таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу таратудың салықтық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізілетіндігін назарларыңызға саламыз. Іс жүзінде салық төлеушілер МӘМС (тоқтатуға СӨ берілген есепті айда төлем болмағаны үшін) бойынша берешектің болуы себепті қызметін тоқтатудан жиі бас тарту алады.
Осыған байланысты, тоқтатудан бас тарту алмау үшін, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін, салық төлеушілер дербес шоттарда берешектің барлығын/жоқтығын тексеріп, болған жағдайда үш күн ішінде төлем жүргізуді ұсынамыз. Сонда жүйе қалыптасқан берешек сомасының төлену фактісін тіркеп үлгереді, нәтижесінде өтініш оң қаралады, яғни ЖК тіркеу есебінен автоматты түрде шығару жүргізіледі. Берешек төленбеген жағдайда жүйе бас тарту береді, ал салық төлеушіге қызметін тоқтату рәсімін қайтадан (тоқтатуға СӨ беру, ДСЕН тапсыру және т.б.) өтуге тура келеді.