
Салық кодексінің 110-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде мемлекеттік тізімге ресми сайт kgd.gov.kz енгізілген БКМ деректерді тіркеу және беру функциясы бар үлгелерімен қолдана отырып жүргізіледі.
Чек беру бақылау-касса машиналарын қолдану кезіндегі негізгі талаптардың бірі болып табылады. Салықтөлеуші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде төленген сомаға чек беруге міндетті.
Қазіргі уақытта онлайн-кассаларға әртүрлі баламалар бар: бағдарламалық кассалар, интеграцияланған кассалар. Чектегі деректерді жаңғырту мен өзектендірудің туындаған мәселелері бойынша бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарына немесе онлайн-БКМ пайдалану орны бойынша Фискалдық деректер операторларының байланыс орталықтарына жүгіну қажет.
Қажет болған жағдайда бақылау-касса машинасының чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжатында көзделген қосымша деректерді қамтуы, оның ішінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша чекте сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс.
Бұзушылық анықталған кезде - сауда операцияларды, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы және банк карточкасы арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбау, сондай-ақ ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ үшін бірінші рет ескерту жауапкершілігіне әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда: Бизнестің субъектілігіне қарай және жеке нотариустарға, сот орындаушыларына 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі-АЕК) дейін, 2026 жылы 129 750 теңгеден 216 250 теңгеге дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Сол сияқты, бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін бермеген не тауар немесе қызмет үшін төленгеннен көп немесе аз сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін берген кезде ескерту жасауға әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 20-дан 40 АЕК-ке дейін, 2026 жылы 86 500-ден 173 000 теңгеге дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Әрбір тұтынушы, егер тауарды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде БКМ чегін беруден бас тартса, орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына жүгінуге құқылы.
Осылайша, қазіргі уақытта онлайн бақылау-кассалық машиналардың әртүрлі балама нұсқалары бар. Сапалы интернет байланысы бар өңірлер саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты барлық салық төлеушілерді бақылау-кассалық тәртіпті сақтау бөлігінде салық заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану шарттарын сақтау бойынша барлық күш-жігерді жұмсауға шақырамыз!