Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 04 мамырдағы № 180 – н/қ бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және темір жол көлігімен алты ай мерзімге:

1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушыларды әкетуге;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ және Қашаған кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды әкетуге;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын алып өтілетін транзиттік тасымалдарға;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетуге тыйым салынды.