
Сұрақ: Шетел валютасында алынған табыстан есептелетін ЖТС бойынша қайта есептеу теңгеге қандай бағаммен жүргізіледі?
Жауап: Салық кодексінің 405-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке тұлға дербес салық салатын шетел валютасында алынуға тиіс (алынған) табыс табыс алынған күнтізбелік жылдағы валютаның орташа арифметикалық ресми бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 21-бабы 3) тармақшасына сәйкес, ресми валюталық бағам – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы болып табылады.