
Сұрақ: Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша резидент еместер – заңды тұлғалармен жасалған шарт негізінде табыс алған жеке тұлғаның салықты есептеу және төлеу бойынша қандай міндеттемелері туындайды?
Жауап: Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нәтижесінде табыс алған жеке тұлға-резиденттің Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) тұратын (болатын) жері бойынша салық органына есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру міндеттемесі, сондай-ақ Декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей ЖТС төлеу міндеттемесі туындайды.