
2026 жылғы 24 сәуірде Өскемен қаласында құқық қорғау органдары, әуе компаниялары, әуежай және кеден маңы инфрақұрылымы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқауы және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректер мен өзге де сезімтал ақпараттың таралу тәуекелдерін азайту жөніндегі ұсынымдары талқыланды.
Қатысушыларға дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптары, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту шаралары және анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.