
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) бизнес үшін салық есебін жеңілдетуге және ҚҚС операцияларының ашықтығын арттыруға бағытталған "ҚҚС есепке жатқызу" функционалы енгізілгенін хабарлайды.
Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағына сәйкес салық төлеуші электрондық нысанда алынған шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы танылған жағдайда, ҚҚС бойынша декларация табыс етілгенге дейін ЭШФ АЖ-да осындай тану туралы белгі қояды, онда ҚҚС сомасы есепке жатқызылатын сома ретінде есепке алынады.
Жаңа механизм алынған электрондық шот-фактуралар негізінде хабарламалар қалыптастыруға және есепке алынатын ҚҚС сомаларын тіркеуге мүмкіндік береді. Расталған деректер 300.00 СЕН бойынша салық есептілігін автоматты түрде толтыру үшін пайдаланылады.
Шешім ҚҚС есепке алудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді және есептілікті дайындау кезінде қателіктердің ықтималдығын азайтады.