Акцизделетін тауарлар нарығындағы заңсыз айналымды анықтау туралы

Акцизделетін тауарлар нарығындағы заңсыз айналымды анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды: акцизделетін өнімдердің айналымын бақылау, контрафактілік өнімдерді анықтау және алкоголь, темекі өнімдері мен мұнай өнімдерінің көлеңкелі саудасына тосқауыл қою болып қала береді.

ҚР Салық кодексінің (151, 174-баптар) шеңберінде ведомство тұрақты тексерулер жүргізуде. Негізгі назар лицензиялардың болуына, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарға, есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығына, сәйкестендіру құралдарының болуына және тауарларды міндетті цифрлық таңбалауға аударылады.

2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша қорытындылар:

Тексеру нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан келесі өнімдер тәркіленді:

  • Алкоголь өнімі:164,2 млн теңге сомасына 21,4 мың литр (соның ішінде лицензиясыз сауда жасау фактілері).

  • Темекі бұйымдары:1,3 млн теңге сомасына 2,4 мың қорап (сәйкестендіру құралдары жоқ).

  • Мұнай өнімдері:1,2 млн теңге сомасына 5,1 тонна есепке алынбаған жанармай.

Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 281, 282, 283, 283-1 және 463-баптарына сәйкес әкімшілік істер қозғалды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымына тартылмау үшін ҚР заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.