
2026 жылғы 24 сәуірде Өскемен қаласында «Атамекен» ҰКП ШҚОФ алаңында «Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, консалтингтік компаниялардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және блогерлер қатысты.
Дөңгелек үстел барысында салық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Атап айтқанда, қатысушыларға жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімі туралы ақпарат ұсынылды. Баяндамамен ШҚО бойынша МКД-нің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова сөз сөйледі.
Сондай-ақ қосылған құн салығының артық төлемін қайтарудың оңайлатылған тәртібі түсіндірілді. Осы тақырып бойынша жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің басшысы Алмас Чиликбаев баяндама жасады.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тыйымдар мен шектеулер мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Аталған тақырып бойынша ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы Алишер Муратов сөз сөйледі.
Кедендік блок аясында кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары түсіндірілді. Баяндаманы кедендік құн бөлімінің жетекші маманы Надежда Сорокина ұсынды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде практикалық мәселелер мен жиі қойылатын сұрақтар талқыланды. Түсіндіру жұмыстарымен және жауаптармен түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гульмира Сабралимова сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, мұндай кездесулердің практикалық маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді.