
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ол жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін, соның ішінде мүліктік кірістері қарастырды. Ең елеулі өзгерістер жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерге — пәтерлер, үйлер, жер учаскелеріне қатысты болды.
Мүліктік кіріс дегеніміз не?
Мүліктік кіріс — бұл жеке тұлғаның мүлікті сату кезінде алған табысы, егер құн өсімі (бағаның өсуі) орын алса. Ол сатып алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Егер жылжымайтын мүлік сатып алынған бағадан жоғары бағада сатылса, бұл айырма салық салынатын табыс ретінде танылады және декларацияға енгізілуі тиіс.
Жылжымайтын мүлікті иелену мерзімі ұлғайтылды
Маңызды өзгерістердің бірі — салықтан босату үшін жылжымайтын мүлікті иеленудің минималды мерзімінің ұлғайтылуы.
Бұрын мүлікті 1 жыл иелену жеткілікті болса, 2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға дейін ұзартылды. Бұл тек жаңа кодекс күшіне енгеннен кейін сатып алынған объектілерге қолданылады.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған жылжымайтын мүлік 2 жыл өтпей сатылса, жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайды. Ал 2026 жылға дейін сатып алынған объектілер бойынша кей жағдайларда бұрынғы 1 жылдық тәртіп сақталады.
Салықтың прогрессивті мөлшерлемесі
2026 жылдан бастап мүліктік кіріс бойынша жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласы енгізілді:
10% — егер құн өсімі 8 500 АЕК-ке дейін (2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге, 8 500 АЕК – 36,7 млн. теңге);
15% — көрсетілген шектен асқан сомадан.
Осы ретте, салық салу саралаған түрде жүзеге асырылады: табыстың негізгі бөлігі 10% мөлшерлеме бойынша, ал белгіленген шектен асатын бөлігі 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады, осыған байланысты салық міндеттемелері алынған табыс мөлшеріне қарай айқынбалады.
Салық салынатын объектілер?
Жаңа ережелер келесі объектілерге қолданылады, тұрғын үй (пәтерлер, үйлер), жер учаскелері, коммерциялық жылжымайтын мүлік, құн өсімі туындайтын өзге де мүлік түрлері.
Маңызды: коммерциялық объектілер бойынша иелену мерзімі салықтан босатпайды — табыс болған жағдайда, мерзімге қарамастан салық төленеді.
Кірістерді декларациялау
Мүліктік кіріс алған жағдайда жеке тұлға міндетті:
00 нысаны бойынша декларация тапсыруға;
декларацияны тапсыру мерзімі — сату жүзеге асқан жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін;
салықты төлеу мерзімі — 25 қыркүйекке дейін.
Өтпелі ережелер
Сонымен қатар өтпелі нормалар қарастырылған. 2026 жылға дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік бойынша кей жағдайларда бұрынғы салық салу шарттары сақталуы мүмкін. Бұл жаңа жүйеге біртіндеп көшу және азаматтарға түсетін салықтық жүктемені жұмсарту мақсатында енгізілген.