Өңірдің бизнес - қауымдастығы өкілдерімен кездесу

Өңірдің бизнес - қауымдастығы өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 21 сәуірде Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Төрағасы Қанат Шарлапаевтың өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов және Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.

Кездесу барысында несиелерді субсидиялау, аграрлық ғылымды дамыту, аквакультура өнімдерін экспорттау, әлеуметтік кәсіпкерлік, өндірістік нысандарды тексеру талаптары және қос мақсаттағы тауарларды бақылау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ салық тақырыбына ерекше назар аударылып, заңнамадағы өзгерістер, салық жүктемесін төмендету, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және бизнесті қолдау шаралары қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірленіп, олар мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп пысықталатын болады.