
▫️Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіруді цифрландыру шеңберінде камералдық бақылау процестерін толық автоматтандыру бойынша іс-шараларды іске асыруда.
🔹Автоматтандыру камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін қамтиды, оның ішінде оларды қалыптастыру, орындалуын және орындалмауын бақылау, сондай-ақ тиісті салықтық шараларды қолдану. Аталған жұмыс адами факторды барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға және салықтық әкімшілендіру шараларын негізсіз қолдануға жол бермеуге бағытталған.
▫️Сонымен қатар, автоматтандырудың жаңа әдістемесін енгізу барысында қате анықталды, соның нәтижесінде камералдық бақылаудың жекелеген хабарламалары бойынша банктік шоттардағы шығыс операциялары негізсіз тоқтатылған.
▫️Бүгінгі күні аталған қате жойылды. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы бұрын қалыптастырылған өкімдерді кері қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде, олардың бір бөлігі қазіргі уақытта кері қайтарылды.
🔲Жұмыстар 2026 жылғы 10 сәуірде аяқталады.
Мемлекеттік кірістер комитеті келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қазіргі уақытта жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.