
ҚР ҚМ МКК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ 2023 жылдың 3 наурызынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан ары-Заң) әрекет етеді.
Заңдағы жеке тұлғалардың қарыз мәселелерін шешуге арналған рәсімдерінің бірі бұл-соттан тыс банкроттық.
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы – бұл бұл азаматтардың борыштарын сотқа жүгінбей есептен шығарудың жеңілдетілген рәсімі.
Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-дан кем борыштар бойынша қолдануға болады (борыш 6,2 млн.теңгеден аспауы керек), егер өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы міндеттемелер өтелмеген болса, мүлік жоқ болса. Азаматтардың жекелеген санаттары (әлеуметтік осал, ұзақ мерзімді борышқа батқан тұлғалар) жеңілдетілген тәртіпті пайдалана алады. Бұл ретте заңнамада шектеулер белгіленген: алименттер және өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелер өтеуден босатылмайды. Өтініш электрондық үкімет порталы (eGov.kz.) арқылы ХҚКО-ларда, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы беріледі.
Рәсім 6 айға созылады, ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.
Банкрот деп танудың негізгі салдары: берешектерді есептен шығару (ерекшеліктерімен); 5 жыл мерзімге несие алуға тыйым салу; 7 жылдан кейін қайта банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі; 3 жыл бойы банкротқа мониторинг жүргізу.
03.03.2023 жылдан бастап, яғни заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап 30.03.2026 жылғы жағдай бойынша ШҚО бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 10 595 өтініш келіп түсті, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы 1 680 азамат банкрот деп танылды.