Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру

2026 жылы 1 қаңтардан бастап салық мiндеттемесiн қамтамасыз ету тәсiлдерi ЭШФ жазуын тоқтата тұрумен және шетелдік компанияның интернет алаңына қолжетімділікті шектеумен толықтырылды.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Салық кодексінің 88-бабымен реттеледі және 15 негізді қамтиды.

Электрондық шот-фактураларды беруді тоқтата тұруды салық органы тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жояды.

Электрондық шот-фактуралардың берілуін тоқтата тұру немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдерді салық органы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шешім қабылдау үшін негіз туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қабылдайды және шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге табыс етеді.

Электрондық шот-фактураның ұсынылуы тоқтатыла тұрған салық төлеушілер туралы ақпарат электрондық шот-фактуралардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Электрондық шот-фактураның жазылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жүйеден жойылады.