2026 жылғы ақапандағы Республикалық бюджетке өзге экономика бойынша салық төлемдерінің түсімі

2026 жылғы ақапандағы Республикалық бюджетке өзге экономика бойынша салық төлемдерінің түсімі

"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.

Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы ақпанда салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 28,7 млрд.теңге түсті.

Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,9% - ды құрайды.

КБК бөлінісінде түсімдер құрылымы:

- КБК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 47,0%;

- КБК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 28,7%;

- КБК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС»  түсімдер үлесі 27,4%.

2026 жылғы ақпандағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:

- " ГРК МЛД " ЖШС – түсімдердің үлесі 7,3%;

- " Риддер-Полиметалл " ЖШС – түсімдердің үлесі 6,6%;

- " Билдинг Ceрвиc " ЖШС – түсімдердің үлесі 4,9%;

- " Бұқтырма СЭС-ы " АҚ – түсімдердің үлесі 4,2%;

- " Меломан Home Video " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,2%.