
Өскемен қаласында «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай қала Әкімі кубогына арналған футбол турнирі өтті.
Сайыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінен құралған команда жүлделі екінші орынды иеленді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және мықты командалық рухын көрсетті.
Сонымен қатар, команда мүшелері жеке номинациялар бойынша да марапатталды. Департаменттің Экспорттық бақылау бөлімінің маманы Ерболат Асқаров «Үздік қорғаушы» атағын алса, ШҚО бойынша МКД, Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Карпович «Үздік қақпашы» номинациясына ие болды.
Турнир қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған көрнекті спорттық шараға айналды.