
2026 жылғы 20 наурызда облыс Әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов, сондай-ақ Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.
Отырыс барысында Департамент өкілдері шағын және орта бизнес субъектілері арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық - түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет ұсынды. Салық заңнамасын сақтау, оны бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ салық міндеттемелерін ерікті түрде орындауды қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды.
Гүлмира Сабралимованың айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері туралы салық төлеушілерді ақпараттандыру басым бағыт болып қала береді. Соның ішінде арнайы салық режимдері, ҚҚС және КТС мәселелері, салықтық шегерімдер мен жеңілдіктер, жалпыға бірдей декларациялау, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен салық есептілігін қолдану мәселелері өзекті.
Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 6 мыңнан астам түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс Әкімі Нұрымбет Сақтағанов құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған нақты міндеттер мен тапсырмалар берді.