
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруде бірқатар маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Маңызды жаңашылдықтардың бірі қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану аясын кеңейту болды.
Қазақстан Республикасында ҚҚС артық сомасын қайтару салықтық тексерулер жүргізумен қатар жүретін. Бұл көбінесе уақыттың шығындалуына және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктеменің артуына әкелетін. Осыған байланысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бағыттарының бірі ретінде ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу және оның қолданылу аясын кеңейту қарастырылды.
2026 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қабылдануы салық жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі болып табылады және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға және елдің экспорттық әлеуетін қолдауға бағытталған.
Ағымдағы жылы жүргізілген салық реформасы аясында Қазақстанда ҚҚС артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару тетігі айтарлықтай кеңейтілді. Бұрын бұл тәртіп арнайы тізімдерге енгізілген және қатаң талаптарға сәйкес келетін шектеулі салық төлеушілер тобына ғана қолданылатын.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 127-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін келесі салық төлеушілер қолдана алады:
1.салықтықмониторингтетұрғанжәнекүнтізбелікжылішінденөлдікмөлшерлемебойыншасалықсалынатынөткізуайналымдарынжүзегеасырғанда;
2.салық кезеңі ішінде жалпы салық салынатын өткізу айналымының кемінде 50 пайызы нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылған өткізу айналымынан тұратын салық төлеушілер.
Салықтың артық сомасы келесі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда қайтарылады:
1.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгеорындалмағанхабарламаныңболмауы;
2.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгедейінгіонекіайішіндежүргізілгенсалықтықтексерунәтижелерібойыншақайтаруғарасталғансалықтыңартықсомасыныңболуы.
Салық төлеушіге артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осылайша, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салық төлеушілердің ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл шаралар экономиканың экспорттық секторын дамытуға оң әсерін тигізіп, Қазақстан Республикасының салық жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде.