
👤 Кім қолдана алады:
Жеке кәсіпкерлер;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлғалар (тыйым салынған санаттарды қоспағанда).
💸 Табыс:
Жылдық табыс тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 600 000 еселенген АЕК мөлшерінен аспауға тиіс;
Шаруа және фермер қожалықтарының табыстары есепке алынбайды.
🌱 Қызмет түрлері:
ҚР Үкіметі бекіткен тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлеріне ғана рұқсат етіледі.
🚫 АСР қолдануға құқығы жоқ тұлғалар:
Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар;
Құрылтайшылары/қатысушылары АСР қолданатын немесе АСР-дегі басқа заңды тұлғаларға қатысатын заңды тұлғалар;
АСР қолданатын заңды тұлғаның қатысушысы болып табылатын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
Коммерциялық емес ұйымдар;
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, сондай-ақ «Астана Хабтың» қатысушылары;
Бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша салық төлеушілер.
🗓 Есеп пен есептілік:
ҚР Салық кодексінің 20-тарауына сәйкес салықтық есеп жүргізу;
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агентінің міндеттерін ҚР Салық кодексінің 43-тарауына сәйкес орындау;
Салық және есепті кезең — жартыжылдық.