Бизнес және салықтар: 2026 жылы ШҚО кәсіпкерлерін қандай өзгерістер күтеді

Бизнес және салықтар: 2026 жылы ШҚО кәсіпкерлерін қандай өзгерістер күтеді

2026 жылғы 18 ақпанда «Respublica» партиясы ШҚОФ-ның алаңында «2026 жылғы салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер және тауарларды таңбалау мәселелері» тақырыбында түсіндіру семинары өтті. Іс-шара шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық және салықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Іс-шара бизнес өкілдерін заңнамадағы өзекті өзгерістер және оны қолданудың практикалық аспектілері туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді.

Семинар барысында 2026 ж. күшіне енетін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасындағы негізгі жаңашылдықтарды, оларды қолдану ерекшеліктерін және белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда туындайтын ықтимал тәуекелдерді баяндады. Қатысушыларға арнайы салық режимдеріндегі жаңалықтар мен өтпелі ережелер, корпоративтік табыс салығын (КТС), жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеу және төлеу мәселелері, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну мерзімдерін, оларды кері қайтарып алу мен ұзарту рәсімдерінің күшін жоюға қатысты өзгерістер түсіндірілді.

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жібітаев сыра және сыра өнімдерін таңбалау мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік нормаларын түсіндірді. 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап күшіне енген, міндетті таңбалауға жататын тауарларды өткізу кезінде бақылау-кассалық машина чегінде сәйкестендіру құралын көрсетпеуге қатысты өзгерістерге, сондай-ақ аталған әкімшілік істерді мемлекеттік кірістер органдарының қарау тәртібіне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.

Осындай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.