
2026 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық бөлімшелер үшін жаңа Салық кодексі шеңберінде салық берешегін өндіріп алу тәртібіндегі өзгерістер, сондай-ақ «таза парақ» қағидаты бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару механизмін қолдану мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға өтпелі кезеңде микро және шағын бизнес субъектілері үшін салықтық жүктемені төмендетуге және салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған негізгі жаңашылдықтар түсіндірілді.
Кездесу соңында жаңа нормаларды қолдану барысында туындайтын практикалық мәселелер талқыланып, қаралған тақырып аясында тиісті түсіндірмелер берілді.