
2026 жылғы 11 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары кәсіби бухгалтер «Есеп.kz» КБҰ өкілімен бірлесіп жаңа Салық кодексінің нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Консультациялар Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғ., 86, 3-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі:
қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;
наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.
Басқа қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.