
2026 жылғы 4 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Учёт.kz» КБҰ кәсіби бухгалтерімен бірлесіп салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану, салық есептілігін ұсыну тәртібі, арнайы салық режимдерінің өтпелі ережелері, қосылған құн салығы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті.
«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда және 2026 жылғы 30 маусымға дейін өтеді. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіледі:
қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.
Консультациялар мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
Облыстың басқа қалалары мен аудандарындағы салық төлеушілер үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі 8 771 123 80 84 телефон нөмірі арқылы қарастырылған.