
2026 жылғы 3 ақпанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚОФ алаңында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыру аясында кәсіпкерлерге арналған онлайн-вебинар өтті. Вебинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге қатысты мәселелер қаралды.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кәсіпкерлерге арнайы салық режимдері мен өтпелі ережелерге қатысты өзгерістерді, сондай-ақ салық есептілігі нысандарының 30%-ға қысқартылуы, салық есептілігін кері қайтарып алу мен тапсыру мерзімін ұзарту тетігінің жойылуы, ақпараттық жүйелердің жұмысына енгізілген жаңашылдықтар жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясының басталғаны туралы хабарланды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерінен өзекті тақырыптар бойынша тікелей түсіндірме алу мүмкіндігіне ие болды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған түсіндірулері үшін алғыстарын білдірді.