ҚР кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі

ҚР кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі

ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне (әрі қарай – Кодекс) сәйкес кедендік тексеру кедендік бақылау нысандарының бірі болып табылады.
Кодекстің 420-бабында көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғалардың объектілеріне кіру тәртібі айқындалған.
Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды тұлғалары көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін немесе сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғалары мен өзге де мемлекеттік органдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды тұлғаларының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын үй-жайларды қоспағанда) кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген объектілерге ҚР мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының кіруінің арнайы тәртібі белгіленген жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын Қазақстан Республикасының кеден органының лауазымды тұлғалары мен өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен мынадай жағдайларда бас тартуға құқылы:
1) аталған лауазымды тұлғалар көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпесе;
2)ҚР кеден органдарының лауазымды тұлғалары және (немесе) өзге мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмесе;
3) егер аталған лауазымды тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруге арнайы рұқсаты ҚР заңнамасына сәйкес қажет болса, олардың мұндай рұқсаты болмаса.
Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғаларының және көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылған Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша тиісті хаттама толтырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруіне кедергі келтіретін адамдар ҚР заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Хаттамаға тексеруді жүргізетін лауазымды тұлғалар, тексерілетін тұлға не оның өкілі қол қояды. Тексерілетін тұлға көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті. Хаттаманың көшірмесі тексерілетін тұлғаға немесе оның өкіліне табыс етіледі.