
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 29 қантар күні«CONSTANT BUSINESS CONSULTING»ЖШС алаңында онлайн-трансляция режимында Өскемен, Риддер қаладарының, Алтай ауданының заңды тұлғаларына және жеке кәсіпкерлерлеріне вебинар өткізді. «2026 жылғы камералдық бақылау хабармалардың орындалуы барысындағы ерекшеліктері мен салық есептілігін ұсыну бойынша»тақырыпен камералдық мониторинг басқармасының басшысы Беркутова Гульжанат Алтайкановна сөз сөйледі, сонымен қатар салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатынын хабардар етті.