2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды

ҚР Қаржы министрлігі жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады.

Өткізу мерзімі:

2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

Кімдерге арналған:

Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне

Қандай көмек көрсетіледі:

Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:

- бухгалтерлік есеп;

- салықтық есептілік;

- ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.

Жұмыс форматы:

Негізгі формат — Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында офлайн қабылдау (мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат). Облыстың басқа қалалары мен аудандарындағы салық төлеушілерде сұрақтар туындаған жағдайда — 87711238084 телефон нөмірі арқылы бейнеқоңырау жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Кеңес беру кестесі:

- 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–13:00

- 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет

Кеңес берушілер:

- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;

- бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;

- заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.

«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.

Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.