
Жаңа платформаға көшу туралы
Қаржы министрлігінің Бірыңғай Байланыс-орталығын құру және «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ЭҚО» АҚ) бірыңғай платформасын пайдалану бойынша жұмыс шеңберінде «Кеңес» 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі - Корпорация) біріктірілген көпарналық платформасынан ұқсас платформаға көшу жүзеге асырылды.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетуді, оның ішінде салықтық және кедендік есептерді қабылдау тәртібін және оларды ұсыну мерзімдерін түсіндіру мәселелері бойынша қызмет көрсетулер Корпорацияның 1414 (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 15.04.2013ж. №88-V Заңы) бірінші желісінің атқарылып келген функциялары сақталады.
Осылайша, 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап МКК және МКД Байланыс-орталықтары келесі нөмірлер бойынша абоненттік қызмет көрсетіледі:
1) +7 705 956 53 88 (байланыс операторының тарифтеріне сәйкес);
2) 8 (7172) 735 515.
«ЭҚО» АҚ жаңа платформасы арқылы түскен өтініштерге МКК мен МКД Байланыс-орталықтарының операторлары қызмет көрсетсе, ал Қаржы министрлігінің барлық ақпараттық жүйелерінің (ИС Кеден, ИСНА, Е-Минфин және басқалар) техникалық мәселелер бойынша сұрақтары кезінде «ЭҚО» АҚ операторларына қосу қарастырылуда.