
2025 жылғы 24 желтоқсанда Зайсан ауданы бойынша МКД-ның бас маманы А. Жұмадилова Зайсан ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік бажды қайтару тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес өтініштерді электрондық түрде жолдау мен қайтаруды жүзеге асырудың артықшылықтары түсіндірілді.