Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері бойынша семинар

Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері бойынша семинар

2025 жылғы 24 желтоқсанда «Атамекен» ҰКП ШҚОФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді.

Іс-шара барысында Департамент мамандары салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелеріне түсіндірме берді. Атап айтқанда, келесі тақырыптар қарастырылды:

мемлекеттік кірістер органдарының экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруы;

арнайы салық режимі және оны қолданудағы негізгі өзгерістер.

Семинар конструктивті жағдайда өтті. Қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.