
2025 жылғы 25 желтоқсанда Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға арнайы салық режимдері, олардың түрлері мен қолдану шарттары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, кассалық тәртіпті сақтау талаптары, сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімдері түсіндірілді.
Семинар ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер салық заңнамасына қатысты өзекті сұрақтар бойынша толық түсіндірмелер алып, басқарма мамандарына сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.