ШҚО бойынша МКД қызметкерлерінің балалары «Жаңа жылдық шыра 2026» мерекесіне қатысты

ШҚО бойынша МКД қызметкерлерінің балалары «Жаңа жылдық шыра 2026» мерекесіне қатысты

2025 жылғы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің балалары «Юбилейный» кинотеатрында өткен «Жаңа жылдық шырша 2026» атты мерекелік іс - шараға қатысты.

Жас қатысушылар үшін театрландырылған интерактивті шоу мен анимациялық фильм көрсетілімін біріктірген «Лабубу vs Чебурашка: Жаңа жылдық бум!» атты жарқын әрі мазмұнды бағдарлама дайындалды.

Мерекелік іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде балалар сүйікті кейіпкерлерімен бірге қызықты саяхатқа аттанды: қойылым кинотеатрдың фойесінде басталып, үлкен залда жалғасты.

Интерактивті шоу көрермендерді белсенді қатыстырумен қатар, түрлі-түсті сахналық көрнекіліктермен, жарық және музыкалық безендірумен, би нөмірлерімен және ойын элементтерімен сүйемелденді.

Екінші бөлімде қатысушылар Шығыс Қазақстан облысындағы ең үлкен экранда анимациялық фильм тамашалап, бұл мерекелік бағдарламаның жарқын қорытындысы болды.

Жаңа жылдық іс-шара балаларға ертегі мен ғажайыпқа толы көңіл-күй сыйлады: сахнада Лабубу, Чебурашка және басқа да танымал кейіпкерлердің қатысуымен ерекше оқиға өрбіді, ал Аяз атаның қорытынды шешімі мерекелік шоу-бағдарламаның шарықтау шегі болды.

Іс-шара соңында балаларға Аяз атадан тәтті сыйлықтар табысталды.

Жаңа жылдық шыршаны өткізу мерекелік көңіл күй қалыптастыруға, корпоративтік дәстүрлерді нығайтуға ықпал етіп, Департамент қызметкерлерінің балаларына Жаңа жыл қарсаңында ұмытылмас әсер мен қуаныш сыйлады.