Тауар декларациясын толтыруда «KEDEN» жүйесінде деректерді жүргізу

Тауар декларациясын толтыруда «KEDEN» жүйесінде деректерді жүргізу

2025 жылғы 22 желтоқсанда ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ауежай Өскемен» кеден постында кеден постының қызметкерлері мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында «KEDEN» ақпараттық жүйесінде тауарлар декларациясын жүргізу тәртібі қаралды. Қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының Қоғамының №75 шешіміне сәйкес декларацияларды автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі жаңа формат таныстырылды, сондай-ақ 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «Тауарлар декларациясы» модулін тестілеу барысы және жүйенің 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігінде енгізілу жоспарлары туралы хабарланды.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың рөлдерін жетілдіру және «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін «KEDEN» деп қайта атау мәселелері түсіндірілді.