
1.Егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады. Осы норманы енгізу салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламаларды, банкшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді ұсынбауға, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тартуға, яғни бизнес үшін жазалаушараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан айналымдар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданылады, салық төлеуші қосымша салық есептілігін ұсыну жолымен мәлімделмеген кірістерді дербес анықтаған кезде шаралар қолданылмайды.
Бұл ретте, осы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру Салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары (СЕН) алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Егер құжаттамадағы нысандар анықталмаса – жүйе салық төлеуші үшін есептілікті қалыптастыра алмайды.
2.Салық есептілігін кері қайтарып алудың күшін жою.
01.01.2026 жылдан бастап салық есептілігін кері қайтарып алу жойылды.
Өзгерістер енгізу қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы ғана мүмкін болады.
Салық төлеушілер декларацияларды толтыруға және тапсыруға алдын ала және жауапкершілікпен қарауға, оларды жолдамас бұрын мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексерулері тиіс.
Салық есептілігінің негізгі нысандарын табыс ету кезінде салық органының кодын таңдау кезінде салық төлеушілердің қателіктерін болдырмау мақсатында салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықтау және тарту функционалдық мүмкіндігі іске асырылды.
Бұрын салық органының кодын дұрыстаң дамаған кезде салық төлеуші салық есептілігін кері қайтарып алу функциясын пайдаланғанын ескере отырып, аталған шара есептілікті толтырудың дұрыстығын арттыруға және салық органын таңдау кезінде қателіктерді азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, икемділікті қамтамасыз ету үшін салық төлеушінің қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес редакциялау мүмкіндігі көзделген.
3.Салық есептілігін ұсынуды ұзартудың күшін жою
01.01.2026ж. бастап СЕН ұсыну мерзімдерін ұзарту жөніндегі норма алынып тасталды. Бұл СЕН ұсыну мерзімін кейінге қалдыру енді заңнамада көзделмегенін білдіреді.
4.Салық есептілігі нысандарын 30% - ға қысқарту. Жаңа Салық Кодексі шеңберінде бүгінгі күні бекітілген 39 СЕН-нан 28 нысанға дейін қысқартылды.
01.01.2026 ж. бастап мынадай нысандар алынып тасталды:
101.01-нысан (автоматтандыру)
180.00-нысан (КТС бойынша декларация 100.00-нысандағы қосымша болады)
240.00 нысаны (кірістермен мүлік туралы декларация 270.00 нысанында болады)
421.00-нысан (400.00-нысандағы қосымша Акциздер бойынша декларация)
540.00-нысан (150.00-нысандағы қосымша КТС және үстеме пайда салығы бойынша декларация)
560.00-нысан (590.00-нысандағы қосымша ПҚ өндіру салығы бойынша декларация)
570.00-нысан (590.00-нысандағы қосымша ПҚ өндіру салығы бойынша декларация)
701.00 нысаны (автоматтандыру)
871.00-нысан (СЕН-нан алынып тасталады, есептілік нысаны ретінде қалады)
911.00, 912.00, 913.00 нысандары (патент АСР, тіркелген шегерімнің, бөлшек салықтың) жойылуына байланысты алынып тасталады.
5.Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын СТ үшін (кезеңділігі-жартыжылдық) 910.00 нысанының оңайлатылған декларациясы сақталады, бірақ қазіргі қолданылып жүрген бөлшексалық АСР белгілерін қамтитын болады.
6.3 АСР режимі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР (СЕН ұсынусыз), оңайлатылған декларация негізінде АСР (910.00-нысан), шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (салық есептілігінің 920.00-нысаны).