Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар

Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар

2025 жылғы 10 желтоқсанда Тарбагатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкерлерге арналған 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар өткізілді:

  • корпоративтік табыс салығы бойынша алдын ала төлемдердің есептелу тәртібінің өзгеруі;

  • қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер;

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін жаңа функциялар мен міндеттер;

  • әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6%-ға дейін төмендеуі;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік салық режимінің тізімі мен шарттарының өзгеруі;

  • салық режимдері арасында өту тәртібінің өзгеруі.

Семинар барысында салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берілді