Бизнес үшін жаңа құрал: контрагенттерді тексеру сервисі

Бизнес үшін жаңа құрал: контрагенттерді тексеру сервисі

МКК бұрынғы салық төлеушілерді категоризациялау жүйесінің орнына икемді салықтық тәуекелдер талдауын енгізуде. Талдау салық түрлері, салалар, өңірлер және компания топтары бойынша жүргізіледі.

Бизнеске арналған жаңа сервис — «Контрагенттер туралы мәліметтер».
Бұл құрал серіктесті жедел тексеруге мүмкіндік береді. Ашық мәліметтер бойынша:

* салық салу режимі
* ҚҚС бойынша тіркеу
* төленген салықтар
* қызметкерлер саны
* салықтық жүктеме коэффициенті
* басшылар мен құрылтайшылар туралы ақпарат
* ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы

Қолдану үшін МКК порталына өтіңіз portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізіңіз — ақпарат дайын.

Сервис бизнес ұсыныстарына сай кезең-кезеңімен жаңартылып, жетілдіріліп отырады.

Бұл — ашық әрі қауіпсіз іскерлік қарым-қатынастарға қадам.