
Сізге, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден келесі тұлғалар босатылатыны туралы хабарлаймыз:
-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамды, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың біреуі – барлық істер және құжаттар бойынша.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған тұлғалар сот органдарына талап арыз берген кезде мемлекеттік бажды бюджетке төлеуден босатылады.
Еске саламыз, мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару мерзімі – бюджетке мемлекеттік баж сомасы төленген күннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6-тармағы).