
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жолаушыларды тасымалдау қызметін, сондай-ақ курьерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін хабарлайды.
ЖК тіркеу eGov мобильді қосымшасы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша хабарлаймыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызметті жүзеге асыру заңнама талаптарын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.
https://www.instagram.com/p/DRg6u4RDP36/?igsh=cWs2dHhnbXhkM3Bn